№ 543 от 25.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Тимур Уразбаевич Курмамбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 27 наурызда берілген № 12001202 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.У.Курмамбаевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Т.У.Курмамбаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.У.Курмамбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 18 маусымдағы ұсынысы, Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова