№ 544 от 25.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Талгат Койбагарович Молдатаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 15 шілдеде берілген № 13011135 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.К.Молдатаевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Т.К.Молдатаевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.К.Молдатаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 18 маусымдағы ұсынысы, Астана қаласы бойынша азматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 29 наурыздағы шешімі, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 5 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр Л.Мерсәлімова