«Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 13 маусымындағы № 505 бұйрықты тоқтата тұру туралы

№ 552 от 28.06.2024

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН

1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2022 жылғы 13 сәуірде Динара Саматқызы Бекбергеноваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 2206958 «Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024 жылғы 13 маусымындағы № 505 бұйрығының күші әкімшілік іс бойынша сот шешімі шыққанға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Д.С. Бекбергенованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру Департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақтөбе облысытық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 маусымындағы № 1594-24-00-4/562 ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
02 июля 2024