№ 537 от 25.06.2024
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Еркебулан Тлеубердинович Кудайбергеновқа Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2017 жылғы 28 қарашадағы № 4326 мемлекеттік лицензиясынан айырылсын.
2. Алматы облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен жеке сот орындаушысы таныстырылсын;
2) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
3. Алматы облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыру туралы жазбаны енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (Т. Әбубәкір).
6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2024 жылғы 6 маусымдағы Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқа қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Д. Ваисов