Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 519 от 19.06.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Олеся Юрьевна Искаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 25 желтоқсанда берілген № 14019587 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 13 маусымға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус О.Ю.Искакованың  назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус О.Ю.Искакованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № -1/23812-вн   ұсынысы, жекеше нотариус О.Ю.Искакованың  арызы.

 

Вице-министр                                                                           Л.Мерсәлімова

Дата публикации
27 июня 2024