Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 520 от 19.06.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылғы 12 қарашада Ардак Сарсенбековна Джаппароваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001686 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.С.Джаппарованың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 1-1/23653-вн  ұсынысы, нотариус А.С.Джаппарованың 2024 жылғы 6 маусымдағы өтініші.

 

Вице-министр                                                                          Л. Мерсәлімова

Дата публикации
27 июня 2024