№ 523 от 19.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы 20 қыркүйекте Айгерим Талгатовна Мейрмановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №18017472 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус А.Т.Мейрманованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 2-1/21518-вн ұсынысы, нотариус А.Т.Мейрманованың 2024 жылғы 28 мамырдағы өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова