Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 521 от 19.06.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың 25 мамырда Елена Евгеньевна Савиноваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000089 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті Е.Е. Савиноваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Е.Е. Савинова, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

 

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 06 маусымдағы 2024 жылғы № 1-234 өтінішхаты, адвокат Е.Е. Савинованың арызы.

 

Вице-министр                                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
27 июня 2024