№ 533 от 24.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Муратовна Сейтказинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 18 қыркүйегінде берілген №14013786 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 15 тамызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.М. Сейтказинаның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.М. Сейтказинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 01-1/24641-вн ұсынысы, жекеше нотариус Ж.М. Сейтказинаның арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова