Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 527 от 20.06.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың 20 сәуірде Бинура Асанқызы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18007930 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылғы 31 мамырға дейін тоқтатылсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті Б. Асанқызына адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Б. Асанқызы, Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 06 маусымдағы 2024 жылғы № 1-233 өтінішхаты, адвокат Б. Б. Асанқызының арызы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
27 июня 2024