№ 528 от 20.06.2024
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылдың 30 қаңтарында Бахтияр Булатович Байсаринге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 23002773 мемлекеттік лицензиясының қолданысы берешек толық өтелгенге дейін тоқтатылсын.
2. Павлодар облысының Әділет департаменті Б.Б. Байсаринге адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат Б.Б. Байсарин, Павлодар облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылдың 19 наурыздағы № 7142-24-00-2м/8800 ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова