Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 518 от 18.06.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың 29 қыркүйекте Нурлан Казиуллович Жаныспаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000782 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Қостанай облысының Әділет департаменті Н.К. Жаныспаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қостанай облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 23.05.2024 жылғы № -1/20697-вн ұсынысы, 30.05.2024 жылғы № 20-955-24-0000164 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

 

Вице-министр                                                                           Л. Мерсәлімова

Дата публикации
20 июня 2024