Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 510 от 14.06.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Сакен Шарапович Жунисбековке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 13 мамырда берілген № 0000027 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус С.Ш. Жунисбековтің мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.Ш. Жунисбековтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 30 мамырдағы 2024 жылғы № 1-1/21639-вн ұсынысы және 23 мамырдағы 2024 жылғы қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасы.

 

Вице-министр                                                                                    Л. Мерсәлімова

Дата публикации
18 июня 2024