Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 507 от 13.06.2024

«Нотариат туралы» Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Қайрат Қыстаубайұлы Бердалидің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2003 жылғы
26 маусымда берілген № 0001471 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Қ.Қ. Бердалидің назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Қ.Қ. Бердалидің мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Қ.Қ. Бердалидің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 04.06.2024 жылғы Қызылорда облысы Әділет департаментінің № -1/22277-вн хаты, 02.04.2024 жылғы Қызылорда қалалық сотының № 4319-24-00-2/367 шешімі (13.05.2024 жылы сот шешімі заңды күшіне енді).

 

Вице-министр                                                                      Л. Мерсәлімова

Дата публикации
18 июня 2024