Лицензиянын қолданысын тоқтату туралы

№ 506 от 13.06.2024

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Заңның 144-бабының 1 тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Нурлан Жанибекович Малибековқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 4885 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:

1) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;

2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;

3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;

4) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.

3. Шымкент қаласы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.

4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).

6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 2024 жылғы 15 мамырдағы Шымкент қалалық полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп – тексеруді тоқтату туралы қауылысы.

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                         Б. Жақселекова                 

Дата публикации
18 июня 2024