Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 503 от 11.06.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульжан Нуртазаевна Болпановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 02 шілдеде берілген №13010499 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2029 жылдың 04 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Н. Болпанованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Н. Болпанованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 07 шілдесіндегі № -1/22776-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Г.Н. Болпанованың арызы.

 

Вице-министр                                                                                   Л. Мерсәлімова

Дата публикации
13 июня 2024