Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 500 от 11.06.2024

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 21-бабы 2- тармағына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 28 қазаңдағы Наслизат Халеловна Сагалиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14016069 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Алматы қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Н.Х. Сагаливаның назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.      

Негізі: Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 30 мамырдағы №  7194-24-5-21/9248 хаты, Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты № 7194-24-00-4/971 әкімшілік іс бойынша 2024 жылғы 29 мамырдағы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                         Л. Мерсәлімова

Дата публикации
13 июня 2024