№ 488 от 07.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанболат Ерболатұлы Табулдинге нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2009 жылғы 29 қаңтарда берілген № 0002339 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Абай облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Е. Табулдиннің назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Е. Табулдиннің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 31 мамырдағы 2024 жылғы № -1/21793-вн ұсынысы және 29 мамырдағы 2024 жылғы Семей қалалық сотының ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова