Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидаларын және өкімнің нысанын бекіту туралы

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 123-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе  тоқтатылған не лицензиясынан  айырылған, сондай-ақ Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы  шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қағидалары;

          2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған  ағымдағы  шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы  өкімнің нысаны бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан  Республикасының

Ұлттық Банкі

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 16.09.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21209 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство юстиции РК - директор Дархан Жумабаевич Игембаев, 27.08.2020 15:48:09, положительный результат проверки ЭЦП

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» - Заместитель Председателя Есжан Амантаевич Биртанов, 10.09.2020 18:00:41, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Әділет министрлігі - Қазақстан Республикасының Әділет министрі М. Бекетаев, 11.09.2020 15:33:44, положительный результат проверки ЭЦП

Приложение 1
Дата публикации
17 сентября 2020