Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 467 от 03.06.2024

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2001 жылғы 19 желтоқсанда Асхат Өтепбергенұлы Ақболатовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0003281 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.

2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты адвокат
А.Ө. Ақболатовтың назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: 2024 жылғы 30 мамырдағы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің № 02-1/21456-вн ұсынысы, адвокат А.Ө. Ақболатовтың өтініші.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
12 июня 2024