№ 495 от 07.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айман Саметовна Набиеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 22 шілдеде берілген № 14010341 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Набиеваның назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.С. Набиеваның мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.С. Набиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 20 наурыздағы шешімі, Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 21 мамырындағы қаулысы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова