№ 494 от 07.06.2024
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 144-бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Сарсен Омирзакович Аханбаевқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2016 жылғы 2 маусымдағы № 2681 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
3. Астана қаласы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).
6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2024 жылғы 6 маусымдағы № 5-1/22634-вн Астана қаласы Әділет департаментінің хаты (22.05.2024 ж. С.О. Аханбаевтың қайтыс болуы туралы).
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Д.Ваисов