Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 490 от 07.06.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылдың 10 желтоқсанда Маулен Ахметкалиевич Алимбаевқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 0003426 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті М.А.Алимбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 14 ақпандағы шешімі.

 

Вице-министр                                                                            Л.Қ. Мерсәлімова

 

Дата публикации
10 июня 2024