Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 475 от 05.06.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бердалы Кудайбергенович Арыстановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2018 жылдың 18 тамызында берілген № 15015238 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Түркістан облысының Әділет департаменті:

1)  Түркістан облысының нотариаттық палатасына хабарлау;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.К.Арыстановтың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру;

3) жекеше нотариус Б.К.Арыстановтың мөрін жою және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алу бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К.Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2024 жылдың 28 мамырдағы   №1-1/21177-вн ұсынысы және 2024 жылғы 14 мамырдағы №20-990-24-0000181 қайтыс болу туралы акт жазбасы. 

 

Вице-министр                                                                          Л.Мерсәлімова

Дата публикации
10 июня 2024