Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 474 от 05.06.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 21 қаңтарында Канат Кыдырханович Амиралинге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001713 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті К.К. Амиралинге адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрғаны туралы адвокат К.К. Амиралин, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 23 мамырдағы 2024 жылғы № 342-24 өтінішхаты, адвокат К.К. Амиралинның арызы.

 

Вице-министр                                                                                Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 июня 2024