Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 485 от 06.06.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылдың 9 қаңтарында Максут Ахмеджанович Базаргалиевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 23000456 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.

2. Атырау облысының Әділет департаменті М.А. Базаргалиевтің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Атырау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Атырау қалалық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы шешімі.

 

Вице-министр                                                                                Л.Қ. Мерсәлімова

Дата публикации
06 июня 2024