№ 487 от 06.06.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асем Бахчановна Нусумбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 12 маусымда берілген № 12004509 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Б. Нусумбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Б. Нусумбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 16.05.2024ж. № 1-1/19583-вн ұсынысы, Астана қаласы ауданаралық азаматтық істер бойынша сотының 2024ж. 8 ақпандағы жеке ұйғарымы, Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024ж. 16 сәуірдегі ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова