Лицензияның қолданысын қайта жалғастыру туралы

№ 473 от 05.06.2024

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылы 20 желтоқсанда Ержан Болатович Ахметовтың адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004447, мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта жалғастырылсын.

2. Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Е.Б. Ахметовтың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының, құқық қорғау органдарының орталық аппараттары және соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның назарына жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № -1/20502-вн ұсынысы, Астана қаласы округінің жеке сот орындаушысы Е.О. Қалматайдың атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы 2024 жылғы 30 сәуірдегі қаулысы.

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

Дата публикации
06 июня 2024