№ 453 от 28.05.2024
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Заңның 144-бабының 1 тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Бегім Ибрагимұлы Тасқұловқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 6161 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) жеке сот орындаушысының iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
3) жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
4) жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
3. Түркістан облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар қабылдасын.
4. Мәжбүрлеп орындату департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату департаментіне жүктелсін (А. Тленчиев).
6. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 2024 жылғы 16 ақпандағы Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімі.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі Д.Ваисов