«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2015 жылы 31 наурызда Ерғали Дүйсенбекұлы Бөлебайға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 15005786 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
- Түркістан облысының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Е.Д. Бөлебайдың назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:
- Түркістан облысы Әділет департаментінің 2020 ж. 25.08. ұсынуы;
- Е.Д. Бөлебайдың 2020 ж. 25.08. өтініші.
Вице-министр А. Мадалиев