«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2011 жылы
10 қарашада Асель Бейсенбековна Жакуповаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 11002829 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- 2. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) нотариус А.Б. Жакупованың нотариаттық құжаттарын Нұр-Сұлтан қаласы нотариаттық палатасының мұрағатына тапсыруды;
2) нотариус А.Б. Жакупованың мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алуды;
3) нотариус А.Б. Жакупованың қызмет ету аумағында нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) нотариаттық қызметпен айналысуға берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізу бойынша шараларды қабылдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Ш.А. Бекеноваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі:
- Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 2-06/12448 ұсынуы;
- Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 аудандық сотының 2020 жылғы 24 сәуірдегі үкімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер бойынша сот алқасының 2020 жылғы
3 маусымдағы қаулысы.
Вице-министр А. Мадалиев