№ 442 от 23.05.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылдың 15 желтоқсанында Асылбек Файзрахманович Жумагуловқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0006035 мемлекеттік лицензиясының қолданысы атқарушылық құжат толық орындалуына дейін тоқтатылсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат А.Ф. Жумагуловтың, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 21.05.2024 жылғы № 2-1/20147-вн өтінішхаты, 16.04.2024 жылғы Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының № 7199-24-00-2ам/170 ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова