Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 331 от 07.09.2020

 

 

Лицензияның қолданысын

тоқтата тұру туралы

 

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 143-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Заңның 167-бабы 8) тармақшасына, сондай – ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабы 2) тармақшасына және 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 97 бұйрығымен бекітілген Іс қағаздарды жүргізу қағидасының 34-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Заңның 44-бабы 6), 13) тармақшаларын, 106-бабының 1 тармағын, 126-бабының 3 тармағын, 148-бабы 1 тармақтын 2), 3), 5) тармақшаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментімен Бексейт Сапарович Бекназаровқа жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2016 жылғы 24 маусымдағы №2762 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

  1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

1) осы бұйрықпен лицензиат таныстырылсын;

2) лицензия қолданысының тоқтата тұру мерзімі шегінде лицензияттың мөрі аумақтық әділет органдарына уақытша сақтауға алынсын;  

3) бұйрықпен таныстырған уақыттан бастап үш жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер қабылдау-тапсыру актісі арқылы қабылдансын.

  1. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жеке сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын уақытша бұғаттау бойынша шаралар қабылдасын.
  2. Әділет департаменті осы бұйрықтың 2-тармағының орындалуына бақылауды жүзеге асырсын.
  3. Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне көрсетілген жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д.Ж. Игембаев).
  5. Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: 2020 жылғы 4 қыркүйектегі ұсыныс.  

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет вице-министрі                                                                   А. Мадалиев

 

Дата публикации
07 сентября 2020