«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144-бабын және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментімен Адлет Сагындыкович Махамбетовке жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға берілген 2016 жылғы 24 маусымдағы №2755 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- Ақмола облысы Әділет департаменті Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірге:
1) осы бұйрықпен А.С. Махамбетов таныстырылсын;
2) А.С. Махамбетовтың iс жүргiзуiн, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) А.С. Махамбетовтың жеке сот орындаушысы ретінде жеке мөрін жойсын;
4) А.С. Махамбетовтың жеке сот орындаушысы ретінде Қазақстан Республикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі есептік жазбасын жою бойынша шаралар қабылдасын;
5) А.С. Махамбетовтың жеке сот орындаушысы ретінде iс жүргiзуi, мұрағаты, ағымдағы шотының қаражаты жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына тапсырылған соң аталған жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алсын.
- Сот актілерін орындау департаменті мемлекеттік лицензия тізіліміне жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына берілген лицензиясының қолданысын тоқтату туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін (Д.Ж. Игембаев).
- Осы бұйрық қол қойылған кезден бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2020 жылғы 20 тамыздағы қаулы.
Қазақстан Республикасының
Әділет вице-министрі А. Мадалиев