Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 421 от 17.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бахитбек Саякович Дильдабаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы
19 қаңтарда берілген № 23001810 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Жамбыл облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.С. Дильдабаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.С. Дильдабаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі  
№ 01-1/16617-вн ұсынысы, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының 2024 жылғы 22 ақпандағы  жеке ұйғарым.
 

 

Вице-министр                                                                         Л. Мерсәлімова

Дата публикации
20 мая 2024