Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 420 от 17.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Мұхамбетқызына нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 13 шілдеде берілген № 22013084 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Мұхамбетқызының назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус Ж. Мұхамбетқызының мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж. Мұхамбетқызының іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотының 28.03.2024 ж. шешімі, Астана қаласы Әділет департаментінің 14.05.2024 жылғы № 2-1/19323-вн  хаты.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
17 мая 2024