Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 417 от 16.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жолдасхан Сайлаубекұлы Сайлаубектің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы
17 шілдеде берілген № 13011434 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) жекеше нотариус Ж.С. Сайлаубектің мөрін жою ұйымдастырылсын;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.С. Сайлаубектің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласының Әділет департаментінің № 1-1/18341-вн 06.05.2024 жылғы ұсынысы, 05.04.2024 ж. қайтыс болу туралы анықтамасы.

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

Дата публикации
16 мая 2024