Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 416 от 16.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Мухан Даулетович Жунусовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2015 жылғы 2 ақпанда берілген № 15001751 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Д. Жунусовтың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус М.Д. Жунусовтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Д. Жунусовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 6 мамырдағы № 1-1/18343-вн ұсынысы, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 5211-23-00-1/108 ұйғарымы (2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енді).

 

Вице-министр                                                                           Л. Мерсәлімова

Дата публикации
16 мая 2024