Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 413 от 14.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Елена Алексеевна Мойсиевичке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 1999 жылғы 18 тамызда берілген № 0000547 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 25 мамырына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.А. Мойсиевичтің назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.А. Мойсиевичтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының м.а. Р.С. Досановаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 30.04.2024 жылғы №1/17695-вн ұсынысы, 25.04.2024 жылғы нотариустың арызы.

 

Вице-министр                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
15 мая 2024