№ 410 от 13.05.2024
«Нотариат туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Ганимурат Тасмуратович Тастемировке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы
1 сәуірде берілген № 22006088 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзіміне тоқтатыла тұрсын.
2. Түркістан облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.Т. Тастемировтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.Т. Тастемировтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Түркістан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі
№ 1-1/17639-вн ұсынысы, Түркістан қалалық сотының 2024 жылғы 25 сәуірдегі ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова