Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 397 от 06.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гаухар Абиловна Кожахметоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2017 жылғы 17 ақпанда берілген № 17002845 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А. Кожахметованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.А. Кожахметованың мұрағаттық және іс жүргізуінде жатқан құжаттарын жекеше нотариаттық мұрағатқа және басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолдансын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 2-1/17525- вн ұсынысы

 

Вице-министр                                                                            Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 мая 2024