№ 404 от 06.05.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Марат Бакбердинович Абраевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы
26 желтоқсанда берілген № 22025963 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Павлодар облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Б. Абраевтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус М.Б. Абраевтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Б. Абраевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі
№ -1/15161-вн ұсынысы, Павлодар қалалық сотының 2024 жылғы 22 ақпандағы шешімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова