Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 405 от 06.05.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1) тармақшаcына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Даурен Токтарканович Бекпауловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы
27 желтоқсанда берілген № 22026237 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Абай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.Т. Бекпауловтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.Т. Бекпауловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Абай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ -1/14946-вн ұсынысы, Абай облысы Семей қаласы сотының 2024 жылғы 8 сәуірдегі жеке ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                     Л. Мерсәлімова

Дата публикации
10 мая 2024