№ 388 от 03.05.2024
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылғы
5 мамырда Томирис Маулетовна Абдрахмановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21017089 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
2. Астана қаласының Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Т.М. Абдрахманованың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі
№ 2-1/16983-вн ұсынысы, нотариус Т.М. Абдрахманованың 2024 жылғы 11 сәуірдегі өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова