Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 387 от 03.05.2024

«Нотариат туралы» Заңның 10-бабының 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанар Абдикеримкызы Каттабековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 21 маусымда берілген № 0000104 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылы 19 сәуірге дейін мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Шымкент қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.А. Каттабекованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.А. Каттабекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 1-1/17291-вн ұсынысы, нотариус Ж.А. Каттабекованың 2024 жылғы 19 сәуірдегі өтініші.

 

Вице-министр                                                                 Л. Мерсәлімова

Дата публикации
06 мая 2024