Қабылданған заңдарды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар Премьер-Министрдің 9 өкім (оның ішінде 2023 жылдан бастап ауысатын Премьер-Министрдің 2 өкімі) және қосымша 1 өкім жобасы, олар Президент Әкімшілігіне (бұдан әрі - ПӘ) және Үкімет аппаратына (бұдан әрі - ҮА) 76 актіні (орындалу мерзімі – 2024 жылғы ақпан, наурыз, сәуір) енгуді көздейді: Президент Жарлықтарының 10 жобасы; Үкімет қаулыларының 66 жобасы; оның ішінде:
- қабылданды – 62 акт (ҰКК (15), АШМ (1), ҰЭМ (1), МКҚ(1), СІМ (3), Еңбекмині (8), ПІБ(1), ӨҚМ (11), СИМ (5), ҚНРжДА(2), ЦДИжАӨМ (4), ЭМ (1), ЖС (1), Қаржымині (2), ІІМ(2), Қорғанысмині(1), Астана қаласының әкімдігі (1), КС (1), ҒжЖБМ(1));
- қабылданбады – 14 акт (ДСМ (2), ІІМ (1), ӨҚМ (3), Еңбекмині (2), ОАМ (1), АШМ (1), ҰҚК (1), ТСМ (1), БП (1), ЦДИжАӨМ (1)).
I. Қабылданған 62 акт бойынша:
–ҮА-на мерзімінде енгізілген – 56 акт (ҰКК (15), ҰЭМ (1), МКҚ(1), СІМ (3), Еңбекмині (8), ПІБ(1), ӨҚМ (10), СИМ (5), ҚНРжДА(2), ЦДИжАӨМ (3), ЭМ (1), Қаржымині (1), ІІМ(2), Қорғанысмині(1), КС (1), ҒжЖБМ(1));
– ҮА-на мерзімі бұзылып енгізілген - 6 акт (Қаржымині (1), ЦДИжАӨМ (1), ЖС (1), ӨҚМ (1), АШМ (1), Астана қаласының әкімдігі (1)).
II. Қабылданбаған 14 акт бойынша:
–ҮА-на мерзімінде енгізілген – 5 акт (АШМ (1), ОАМ (1), ЦДИжАӨМ (1), ӨҚМ (1), ДСМ(1));
– ҮА-на мерзімі бұзылып енгізілген– 1 акт (ӨҚМ (1));
– Премьер-Министрдің орынбасарының қарары негізінде бақылаудан алынған – 2 акт (ҰҚК (1), БП (1));
–ҮА басшылығының қарары негізінде мерзімдері ұзартылған – 2 акт орындау мерзімі (2024 жылғы шілде, тамыз) (ТСМ (1), Еңбекмині (1));
– орындауда – 1 акт (ҚР Азаматтық кодексіне түзетулер енгізілгенге дейін (ІІМ(1));
– мерзімдері бұзылған және ҮА-на енгізілмеген – 3 акт (ӨҚМ (1), Еңбекмині (1), ДСМ (1)).
III. Орындау мерзімі бұзылған және / немесе ҮА-на енгізілмеген 3 жоба бойынша:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрдің 2024 жылғы 20 ақпандағы 17-ө өкімі бойынша:
1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы, жауапты мемлекеттік орган – ДСМ. Орындау мерзімі – 2024 жылғы ақпан;
Әділетмині 2024 жылғы 29 наурызында осы Үкімет қаулы жобасының орындалу жағдайы туралы ДСМ-ге № 1-2-4-/25952-И хат жолданды.
2024 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша Үкімет қаулысының жобасы Әділетминіне әлі енгізілген жоқ.
2) «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы, жауапты мемлекеттік орган – Еңбекмині. Орындау мерзімі – 2024 жылғы ақпан;
Еңбекминімен ҮА-на 17-ө өкімнің орындалуына қатысты 2024 жылғы 29 ақпандағы № 01-11/Д-600//17-р хаты жолданды.
Сондай-ақ, Еңбекминімен хатта «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Үкімет қаулысының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты оған өзгерістер енгізу талап етілмейтіні туралы хабарланды (2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды).
2024 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша аталған тармақты бақылаудан алу туралы ҮА-ның тапсырмасы Әділетминіне түскен жоқ.
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 28 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» және 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы 20-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Премьер-Министрдің өкімі бойынша:
1) «Негізгі және олармен бірге жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы туралы мәліметтерді пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке енгізудің қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасы, жауапты мемлекеттік орган – ӨҚМ. Орындау мерзімі – 2024 жылғы наурыз;
Үкімет қаулысының жобасы ПИ-106149 Әділетминіне 2024 жылғы 27 наурызда келісуге енгізіліп 2024 жылғы 2 сәуірге дейін келісімде болады. 2024 жылғы 2 мамырда Үкімет қаулысының пысықталған жобасы Әділетминіне енгізіліп, 2024 жылғы 10 мамырға дейін келісімде болады.