Лицензияның қолданысын тоқтату

№ 382 от 03.05.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2009 жылы
1 қыркүйекте Канат Енбекович Абишевке берілген № 0003269 адвокаттық қызметпен айналысуға арналған мемлекеттік лицензияның қолданысын тоқтату.

2. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Солтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің  2024 жылы 5 сәуірдегі ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                                  Л.Мерсәлімова

Дата публикации
03 мая 2024