№ 378 от 02.05.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылы
13 қыркүйекте Сауле Максутовна Беркалиеваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 18017117 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 14 ақпанына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты С.М.Беркалиева, Астана қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 09.04.2024 жылғы өтініші.
Вице-министр Л.Мерсәлімова