№ 377 от 02.05.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2016 жылы
22 ақпанды Максут Шаймуратович Асатовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген № 16003417 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 10 қантарына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты М.Ш.Асатов, Астана қаласы адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 09.04.2024 жылғы өтініші.
Вице-министр Л.Мерсәлімова