Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында бақылау субъектісіне бару арқылы 2024 жылдың 2-жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізімдерін бекіту туралы

№ 364 от 26.04.2024

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы                               2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17723 болып тіркелді), «Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18998 болып тіркелді) және «Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 688 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 169 бірлескен бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33488 болып тіркелді) БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1 – 8 - қосымшаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, 1 – 9 - қосымшаларға сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және 1– 6 - қосымшаларға сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы әділет департаменттерінің бақылау субъектісіне бару арқылы 2024 жылғы 2-жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы әділет департаменттерінің басшылары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды өткізуді бекітілген тізімге сәйкес қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңқызметін ұйымдастыру департаменті жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы 2024 жылдың
2-жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау тізімдерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                                    А.Н. Есқараев

Каз
Дата публикации
03 мая 2024